73 жастағы ақтаулық әжей бала күнгі арманын орындауға бел буды (ВИДЕО)

Бүгін, 20:00 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Ақтаулық 73 жастағы Балым әже Каспий теңізінің жағасында серуендегенді ұнатады. Бір күні жағалауда велосипед теуіп жүрген қызды көріп, одан өзін де үйретуін өтінген. Осы кездейсоқ таныстық кейін жылы достыққа ұласып, Балым әженің велосипедке алғаш отырған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде кең тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Балым әжеге кездескен қыздың есімі – Айдана Жолмағамбет. Сол күні ол теңіз жағасында серуендеуге шығып, велосипед жалға алған және жүріп келе жатып телефонға видео түсіріп жүрген.

Бір кезде оған Балым әже келіп, ерекше өтініш айтқан. Айдананың сөзінше, ол бұған дейін зейнеткер әйелді мүлде танымаған. Соған қарамастан, өтінішінен бас тарта алмай, қуана көмектесуге келіскен.

Кездейсоқ таныстық көп ұзамай достыққа айналған. Қазір Балым әже мен Айдана әлі де араласып, таңертең бірге серуендеп тұрады.

"Әже мені теңіз жағасынан тапқан қызым деп атайды. Өзі өте белсенді, адамдармен тез тіл табысады. Балым әже маған жиі телефон соғады, таңертең бірге серуендейміз. Мен үшін біздің достығымыздың орны ерекше", – деді Айдана.

Тэгтер:

Ақтау Әже велосипед