«Ауыл» партиясының кандидаттары ШҚО-да аграрлық сала мамандарымен кездесті

Бүгін, 22:01 / Інжу Әлихан
Ауыл» партиясы

Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары сайлауалды науқан аясында «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесуге «Ауыл» партиясының кандидаттары Ильяс Досхожаев, Ажар Қаджибекова, Айбек Қуатбай және Фарид Әбітаев, сондай-ақ ғылыми қауымдастық өкілдері мен аграрлық сала мамандары қатысты.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты бағыттары таныстырылып, отандық аграрлық ғылымды дамыту, селекциялық әлеуетті нығайту, импорттық тұқымға тәуелділікті азайту және ауыл шаруашылығы өндірушілерін сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде отандық тұқым шаруашылығының, аграрлық ғылымның және ғылыми әзірлемелердің маңызына тоқталды. Сонымен қатар «Ауыл» партиясының өкілдері аграрлық ғылымды ұзақ мерзімді қаржыландыру, тәжірибелік шаруашылықтарды жаңғырту, цифрлық агротехнологияларды енгізу және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелерін сөз етті.

Кездесуде ғылыми қауымдастық пен аграрлық сала мамандары өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді. «Ауыл» партиясының кандидаттары қатысушылардың сауалдарын тыңдап, пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында отандық тұқым шаруашылығын дамыту, аграрлық ғылымды қаржыландыру, цифрлық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жұмысын жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс әзірленді.

Шара соңында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов бастаған кандидаттар кәсіпорынның ғылыми-өндірістік базасымен танысып, селекциялық жұмыстар мен тұқым өндіру технологияларының нәтижелерін көрді.

Тэгтер:

Ауыл» партиясы