«Байтақ» партиясының үміткерлері маңғыстаулық теміржолшылармен кездесті

10 тамыз, 2026 / Алуа Арман
"Байтақ" партиясының сайты

Маңғыстауда «Байтақ» партиясының үгіт-насихат жұмысы жалғасын тапты. Бұл жолы «Байтақ» партиясының өкілдері Маңғыстау ауылындағы «Қазақстан темір жолы» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шарада «Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, елдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу бағыттары сөз болды.

«Байтақ» партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Тайр Сағымбаев та өзінің сайлауалды ұстанымдары мен алдағы міндеттерін айтып берді.

Жиын ашық диалог форматында өтті. Теміржолшылар өздерін толғандырған түйткілдерді «Байтақ» партиясының кандидаттарына ашық айтып, ұсыныс-ескертпелерін жеткізді. Еңбек жағдайын жақсарту, жалақының жұмыс ауыртпалығына сай төленуі, медициналық қолдау.

«Байтақ» партиясының өкілдері халықпен тікелей байланыс орнатудың маңыздылығын айтады.

Кездесуде көтерілген ұсыныстар кейін «Байтақ» партиясының жұмысында ескеріліп, өзекті түйткілді шешу жолын айқындауға мүмкіндік береді.

 

Тэгтер:

сайлау үміткер Құрылтай кандидат Байтақ партиясы