FlyArystan әуе компаниясы Ақтау–Дубай рейсін уақытша тоқтатты

Бүгін, 12:56 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

FlyArystan әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты Ақтау — Дубай — Ақтау бағыты бойынша рейстерін 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін аталған бағыт бойынша рейстердің 29 тамызға дейін (қоса алғанда) тоқтатылғанын туралы хабарлаған болатын.

Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттердің құнын айыппұлсыз толық көлемде билетті сатып алған орны бойынша қайтару қолжетімді.