Астана қаласының әкімдігі транзиттік автомобиль көлігінің қала аумағы арқылы жүру схемасы мен тәртібін бекітті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Үлкен жүк көліктерінің транзиттік қозғалысына «Астана қаласын айналып өту» автомобиль жолы арқылы жүруге рұқсат етіледі. Транзиттік жүк көліктерінің «Астана қаласын айналып өту» автомобиль жолының ішіндегі қала аумағына кіруіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында қала аумағында жеңіл автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылмаған.
Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 503-2587 қаулысы 2026 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.