Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Амангелдіқызы Есімова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бақыт Амангелдіқызы 1984 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Еңбек өтілі:
«Қазақстан Жастар конгресі» ЗТБ атқарушы директоры аппаратының менеджері, жетекшісі (2006-2007);
«Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының сарапшысы (2007-2008);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы (2008-2010);
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары (03.2010-03.2011);
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы (03.2011-28.06.2013);
Ақмола облысы әкімінің аппаратының басшысы (28.06.2013-2015);
«Астана қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы (2015-09.2020);
Қостанай облысы әкімінің орынбасары (09.2020-05.2022);
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары (05.2022 жылдан бастап).