Продюсер Гүлзира Айдарбекованың келіні, әнші Заңғар Нұртастың жары Индира Мәуленова үйінде жұмыс істеген филиппиндік қызметкерге қатысты келеңсіз жағдайды айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Индираның сөзінше, бала күтушісі арнайы агенттік арқылы жұмысқа алынған. Алайда белгілі бір уақыт өткен соң Джой есімді қызметкер үйден кетіп қалған.
Ол кетер алдында үйді тінтіп, агенттікке тапсырылған төлқұжатын тауып алған. Сонымен қатар үйдегі ақша мен кейбір заттарды өзімен бірге алып кеткен.
Индира Мәуленованың айтуынша, шетелдік қызметкерді жұмысқа орналастыру үшін агенттікке 4 мың доллар төленген.
«Біз оған агенттік арқылы төрт мың доллар төледік. Өзінің паспорты мен жиналған менің ақшамды алып қашып кеткен», – деді ол.
Осы жағдайдан кейін Заңғар Нұртастың жары үйіне қызметкер алатын азаматтарды құжаттары мен жұмыс тарихын мұқият тексеруге шақырды.