Қарағандыда үш қабатты ғимараттағы ғимараттан өрт шықты

Бүгін, 05:55 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында үш қабатты көпфункционалды ғимараттың бірінші қабатындағы саунаның бу бөлмесінен өрт шықты.

Өрт ағаш қаптамаға таралып, 10 шаршы метр аумақты шарпыған. ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіріп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.