Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерден өтініш қабылдау басталды

9 тамыз, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

10–20 тамыз аралығында Қазақстан азаматтығын алуға үміткер азаматтардан арнайы тестілеуге өтініш қабылдау жүргізіледі, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.

Азаматтық алу үшін тестілеу жылына екі рет: тамыз және ақпан айларында өткізіледі.

Өтінішті орталықтың сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы 10-20 тамыз аралығында беруге болады. Тестілеу 22 тамызда өтеді. Ол 3 блоктан тұрады:

️қазақ тілі бойынша тест — 30 тапсырма, шекті балл — 15,

️Конституция негіздері бойынша (қазақ немесе орыс тілінде) — 40 сұрақ, шекті балл — 20,

Қазақстан тарихы бойынша (қазақ немесе орыс тілінде) — 30 тапсырма, шекті балл — 15.

Тестілеуге 2 сағат 10 минут беріледі, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қосымша 30 минут қосылуы мүмкін. Құны — 14 693 теңге.

Сынақ тестілеуін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында 3355 теңгеге тапсыруға болады.