Ақтауда қайғылы оқиға: әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Бүгін, 17:25 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған әйел қаза тапты. Қайғылы оқиға қаланың 4-шағынауданындағы №10 үйде болған.

Өңірлік БАҚ мәліметінше, аталған дерек бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Әзірге басқа ақпарат жарияланған жоқ.