Павлодарлық құтқарушылар балалар алаңында аяғы қысылып қалған 8 жастағы балаға көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
112 қызметінің пультіне Павлодар қаласындағы Лермонтов көшесінде орналасқан балалар алаңында 8 жастағы баланың қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетіп, баланы балалар алаңының қысылып қалған элементінен босатты.
Балаға медициналық көмек қажет болмаған.