TikTok-та балағат сөздер айтқан Тараз тұрғыны 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде көпшілік алдында балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткен азамат полиция назарына ілікті.
Тексеру барысында “Тау адам” лақап атымен тіркелген аккаунттың Тараз қаласының тұрғыны Абзал Салиховқа тиесілі екені анықталды.
Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.