Әділет Зейнелдің анасы сұхбат барысында марқұм Ұлдана қайтыс болғаннан кейін жиналған 20 миллион теңге мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әділеттің анасының айтуынша, аталған қаражат отбасыға берілген өтемақы емес, халық тарапынан Ұлдананың жерлеу рәсіміне жұмсау үшін жиналған ақша болған.
Оның сөзінше, жиналған қаражаттың шамамен 10 миллион теңгесі кепілде тұрған Ұлдананың көлігіне рәсімделген автонесиені өтеуге жұмсалған.
Қаражаттың қалған бөлігі марқұмның анасы мен әпкесіне беріліп, сондай-ақ жерлеу және ас беру рәсімдеріне кеткен.
«Біздің отбасымыздың жеке қажетіне бір тиын да жұмсалған жоқ. Барлық чек пен түбіртек менде сақтаулы», – деді Әділеттің анасы.
Ал Әділет Зейнел мемлекеттен ешқандай өтемақы алмағандарын және ешкімнен пәтер сұрамағандарын атап өтті.
«Ешқандай өтемақы алған жоқпыз әрі талап еткен де жоқпыз. Менің өз пәтерім бар. Ешкімнен ештеңе сұраған жоқпыз», – деді ол.