Доллар 473 теңгеге дейін қымбаттады

Бүгін, 09:55 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының бүгінгі бағамы жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz мәліметінше, елордадағы айырбастау пункттерінде доллардың сатып алу бағасы орта есеппен 466,13 теңге, ал сату бағасы 473,13 теңгені құрап отыр.

Астанада еуро 534,11-544,09 теңге, рубль 5,45-5,65 теңге, ал юань 68,78-72,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 468,81 теңгеден сатып алынып, 471,07 теңгеден сатылуда.

Қаладағы еуроның бағасы 537,95-543,25 теңге аралығында. Ресей рублі 5,52-5,65 теңге, ал қытай юані 68,81-71,34 теңге шамасында саудалануда.

Айта кетейік, айырбастау орындарындағы валюта бағамы күн ішінде өзгеруі мүмкін.