Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы, республика үкіметі төрағасының орынбасары әрі дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Қадыровқа «Шешенстан қаһарманы» атағы берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тиісті өкімге 7 тамыз күні Шешенстан үкіметінің төрағасы Магомед Даудов қол қойған.
"Қымбатты жиенім, Шешенстан Республикасы үкіметі төрағасының орынбасары – Шешенстан Республикасының дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Рамзанович Қадыровты жоғары атақ берілуімен шын жүректен құттықтаймын", – деп жазды Даудов Telegram-арнасында.
Ол бұл марапат Ахмат Қадыровтың Шешенстан Республикасы мен оның халқы алдындағы жеке еңбегінің, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы екенін атап өтті.