ШҚО-да такси жүргізушісі зейнеткерді телефон алаяғының арбауынан сақтап қалды

Бүгін, 22:36 / Жамбыл Жайлау
polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында такси жүргізушісі телефон алаяқтарының құрбаны бола жаздаған зейнеткерге көмектесіп, оның 1,5 миллион теңгеден астам қаражатын сақтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғадан кейін ШҚО полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков такси жүргізушісі Төрежан Адабиетовпен кездесіп, оның қырағылығы мен азаматтық жауапкершілігіне алғыс білдірді.

Полиция мәліметінше, Төрежан Адабиетов жағдайдың күмәнді екенін дер кезінде байқап, Өскемен тұрғынын алаяқтардың нұсқауын орындаудан тоқтатқан. Соның арқасында жәбірленуші ірі көлемдегі қаражатынан айырылып қалмаған.

Кездесу барысында полиция департаментінің басшысы такси жүргізушісінің әрекетін қылмыстың алдын алуға қосылған маңызды үлес деп бағалады.

"Қазіргі таңда алаяқтар заманауи технологиялар мен психологиялық ықпал ету тәсілдерін кеңінен қолданады. Сондықтан біздің міндетіміз – тек қылмысты ашу емес, оның алдын алу. Полиция, қоғам және әрбір саналы азамат бірлесе әрекет еткенде ғана мұндай қылмыстарға тиімді тосқауыл қоя аламыз", – деді Ерлан Омарбеков.

Полиция азаматтарды телефон алаяқтарының әрекетіне мұқият болуға шақырды.

Егер бейтаныс адамдар:

Құқық қорғау органдары мұндай жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, банкке немесе полицияға өз бетінше хабарласуға кеңес береді.