Respublica партиясының өкілдері Түркістан облысындағы «Балмұздақ» зауытының ұжымымен кездесті

Бүгін, 23:21 / Інжу Әлихан
Respublica партиясы

Respublica партиясының өкілдері Түркістан облысы Ленгер ауданындағы «Балмұздақ» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге Respublica партиясының тең төрағалары Қуаныш Шонбай мен Динара Шүкіжанова, Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Диляфруз Мадиева, Олжас Құспеков және Екатерина Смолякова қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәсіпорынның тең құрылтайшысы, Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Диляфруз Мадиева штаб мүшелерін зауыттың өндірістік қызметімен таныстырды. Бүгінде кәсіпорын Қазақстанның әр өңіріне жөнелтілетін балмұздақ өнімдерін өндіреді.

Кездесу барысында Respublica партиясының өкілдері өндірістік цехтарды аралап, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Экскурсия кезінде электр энергиясының уақытша үзілуі орын алды. Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жағдай оңтүстік өңірдегі өндіріс орындары үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондай-ақ зауытта өндірісті үздіксіз жүргізу мақсатында күн панельдері орнатылып, баламалы энергия көздері пайдаланылып жатқаны айтылды.

Respublica партиясының тең төрағалары Қуаныш Шонбай мен Динара Шүкіжанова кәсіпорынның өңір экономикасындағы орнына тоқталып, өндіріс орындарының жұмыспен қамту мен отандық өндірісті дамытудағы рөлін атап өтті.

Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Олжас Құспеков инженерлік инфрақұрылым, электрмен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы және өндіріс орындарының қалыпты жұмыс істеуіне әсер ететін мәселелер жөнінде пікір білдірді.

Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Екатерина Смолякова өндіріс саласында еңбек ететін әйелдердің әлеуметтік мәселелері мен еңбек жағдайына қатысты ойын айтып, әлеуметтік бағыттағы бастамаларға тоқталды.

Кездесу соңында Respublica партиясының өкілдері мен кәсіпорын қызметкерлері отандық өндірушілерді дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, өнеркәсіп инфрақұрылымын жетілдіру және өңірлердегі өндірістің тұрақты дамуына қатысты пікір алмасты.

Тэгтер:

Respublica партиясы