Алматыда 5 млн теңге алимент төлемеген борышкер сотталды

Бүгін, 17:02 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкер алимент төлеуден жалтарған деп танылды және 1 жылға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түрксіб ауданының прокуратурасы ер адамның кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға алимент төлеу туралы сот шешімін орындаудан алты жылдан астам уақыт жалтарғанын анықтады. 

Қарыз сомасы 5 млн теңгеден асқан. Бірнеше рет хабарлағанына қарамастан, борышкер ұсынылған жұмысқа орналасудан бас тартқан, сондай-ақ «Яндекс Такси» сервисіндегі жұмыстан түскен табысты алимент төлеуге жұмсамай жасырған. 

Бұған дейін ол әкімшілік жауаптылыққа тартылған болатын, алайда өз міндеттерін орындаудан жалтаруды жалғастырған. 

Бүгінгі күні Алматыда ҚР ҚК-нің 139-бабымен 38 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген, ал алимент бойынша 227 борышкер әкімшілік жауаптылыққатартылған. 

Алматы қаласының прокуратурасы баланы асырау - әрбір ата-ананың міндеті екенін,алимент өндіріп алу туралы сот шешімін орындаудан жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтың көзделгенін еске салады.

Тэгтер:

алимент Алматы