Астана қаласы ПД қызметкерлері “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кезекті мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан қыз бала анықталды. Ол kalybekovaaа00 аккаунтының иесі, 19 жастағы Жұлдызай Қалыбекова болып шықты.
Жиналған әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысына сәйкес оған айыппұл салынды.
Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарының тұрақты негізде жүргізілетінін еске салады. Заң талаптарын бұзғандарға қатысты тиісті шара қабылданады.