«Дұғада болайық»: Кенжебек Жанәбілов жансақтау бөліміне түскенін айтты

Бүгін, 16:42 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншінің айтуынша, жүрек-қан тамырлары бітеліп, қазір жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.

«Бүгін Шымкентте өтетін ән кешіне баруым керек еді, алайда жүрек-қан тамырларым бітеліп, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым. Дұғада болайық!», - деп жазды ол.

Өнер иесінің тыңдамандары мен әріптестері оған тезірек сауығып кетуін тілеп, ізгі тілектерін жазып жатыр.

Тэгтер:

Кенжебек Жанәбілов