«Ақ жол» партиясының үміткерлері Шамалған ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгін, 22:00 / Алуа Арман
"Ақ жол" партиясының сайты

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева бастаған республикалық штаб мүшелері Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Басқосу барысында партия өкілдері «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басты бастамалары мен ұстанымдарын ортаға салды.

«Ақ жол» партиясының өкілдерімен кездесу барысында ауыл мен аудан тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерге айрықша назар аударылды.

«Ақ жол» партиясының мүшелерімен бірге шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, сондай-ақ сапалы білім мен медицинаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жоспарлар жан-жақты талқыланды.

«Ақ жол» партиясының кандидаттарымен ашық диалог форматында өткен жүздесуде ауыл тұрғындары өз ойларын еркін білдіріп, елді мекенге ортақ түйткілді мәселелерді көтерді.

Өз кезегінде «Ақ жол» партиясының республикалық штаб мүшелері жұртшылықтың сауалдарына тұщымды жауап беріп, көтерілген тақырыптар бойынша партияның нақты ұстанымын жеткізді.

«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері халықпен бетпе-бет кездесулер азаматтардың шынайы талап-тілектеріне құлақ асып, оларды партияның алдағы қызметінде міндетті түрде ескеруге жол ашатынын атап өтті.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Республикалық сайлауалды штабының Алматы облысындағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.

Тэгтер:

сайлау Құрылтай кандидат Ақ жол партиясы Шамалған