«Пәтерімнің жоқтығынан үйленбей жүрмін»: «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған актер ренішін айтты

Бүгін, 16:06 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Әйгілі «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Ерболат Тоғызақов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» арнасына сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Отбасым болған жоқ. Үйленбедім. Маған қарайтын інімнің балалары. Мені бағып жүр. Інімнің қызымен және күйеу баламен бір бөлмелі тұрамын. Үйге қонақ шақыра алмаймын, себебі үйім тар, ыңғайсызданамын. Биыл Президентіміз өнер адамдарының көпшілігіне пәтер берді. Мен оған өте ризамын. Олар күтіп-күтіп, алды. Шындығын айтқанда мен де күттім ғой. Кеңес уақыты кетіп қалды. Қазір өзімнің пәтер алуға күшім, зейнетақым жетпейді. Бірақ пәтерім болса деген арманым бар. Пәтер болмаса мен қалай біреуді алып келіп, үйленіп, тойлаймын? Неге отбасым жоқ? Содан ғой», - деді ол.

Тэгтер:

Актер Ерболат Тоғызақов Шал фильмі