Қазақстан Халық партиясы Теміртауда кітапхана және кәсіпорын қызметкерлерімен пікір алмасты

Бүгін, 22:15 / Інжу Әлихан
Қазақстан Халық партиясы

Қазақстан Халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Теміртау қаласында бірқатар еңбек ұжымдарымен кездесулер өтті. Қазақстан Халық партиясының атынан Құрылтай депутаттығына кандидат Дамир Қаюмов және Қазақстан Халық партиясы Қарағанды облыстық филиалы Жастар қанатының өкілі Төлеген Алтынмұрат алдымен «Имсталькон» АҚ еңбек ұжымымен, кейін Теміртау қаласындағы №7 кітапхана қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғашқы кездесу «Имсталькон» АҚ кәсіпорнында өтті. Мұнда 700-ге жуық адам еңбек етеді. Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының «Ел байлығы – халық игілігіне!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өнеркәсіпті дамыту, еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, еңбек жағдайларын жақсарту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды. Қазақстан Халық партиясының өкілдері өндіріс саласын дамытуға қатысты бағдарламалық бастамалар жөнінде ақпарат беріп, кәсіпорын қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, өндіріс саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Теміртаудағы жұмыс сапары аясындағы келесі кездесу №7 кітапхана ұжымымен өтті. Бұл кездесуде Қазақстан Халық партиясының «Ел байлығы – халық игілігіне!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары жан-жақты таныстырылды. Қазақстан Халық партиясының өкілдері мәдениет пен білім беру салаларын дамыту, еңбек адамының мәртебесін арттыру, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар туралы баяндады. Кітапхана қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, Қазақстан Халық партиясының өкілдерімен ашық пікір алмасты.

Екі кездесуде де Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар өнеркәсіп, мәдениет, білім беру, әлеуметтік саясат, еңбек қатынастары және азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылап, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Қазақстан Халық партиясының өкілдері көтерілген барлық сауалдарға жауап беріп, еңбек ұжымдарымен ашық диалог жүргізді.

Осындай кездесулер Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіруге, еңбек ұжымдарының пікірін тыңдауға және қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Тэгтер:

Қазақстан Халық партиясы