«Байтақ» партиясының үміткері Астанада өнеркәсіп және денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесті

Бүгін, 22:30 / Алуа Арман
"Байтақ" партиясының сайты

«Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Сәуле Қамытбекова Астанадағы Center Concrete темір-бетон бұйымдары зауыты мен Integrate Clinic медициналық орталығының ұжымымен жүздесті. Шара үгіт-насихат жұмысы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Байтақ» өкілінің алғашқы кездесуі құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорында өтті. Жиында «Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, құрылыс саласына энергия үнемдейтін технологиялар енгізу, экологиялық қауіпсіз материал пайдалану және отандық өндірісті қолдау мәселесі талқыланды.

«Байтақ» партиясы кандидатының айтуынша, сапалы әрі экологиялық талапқа сай өндірілген құрылыс материалы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ құрылыс қарқынын сақтап, қоршаған ортаға зияны аз технологияны қолданудың маңызы айтылды.

Бұдан соң «Байтақ» партиясының үміткері Integrate Clinic медициналық орталығына барды. Мұнда да «Байтақ» партиясының экологиялық платформасы жайлы айтылды. «Байтақ» партиясының өкілімен кездесуде қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері, экологиялық қауіпсіздікті күшейту және профилактикалық бағыттағы бастамалар жайы талқыланды.

«Байтақ» партиясының кандидатымен кездесу барысында медицина қызметкерлері де ұсыныс-пікірін ортаға салды. Дәрігерлерді алаңдатқан түйткілдер қатарында жас мамандарды қолдау, қолжетімді және жалдамалы тұрғын үй, біліктілікті арттыру мүмкіндігін жетілдіру сынды мәселелер болды.

Тэгтер:

сайлау үміткер Құрылтай кандидат Байтақ партиясы