Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов бастаған «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Фарид Әбітаев, Захира Бегалиева және София Абдуразақова инклюзивті қауымдастық өкілдерімен, мүгедектігі бар азаматтармен және ерекше балалардың ата-аналарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, қолжетімді ортаны дамыту, инклюзивті білім беру, кәсіптік даярлау және ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен олардың отбасыларын қолдау мәселелері талқыланды. «Ауыл» партиясының өкілдері бұл бағыттар бойынша қатысушылармен пікір алмасты.
«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов инклюзивті қоғамды дамыту, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және азаматтардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, «Ауыл» партиясы инклюзивті орта қалыптастыру мәселелерін маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырады.
«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Фарид Әбітаев өңірде жүзеге асырылып жатқан инклюзивті жобалардың маңызы туралы айтты. «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Захира Бегалиева мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мен олардың экономикалық дербестігін арттыру мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат София Абдуразақова инклюзивті қоғамды дамыту және азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысты пікір білдірді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өз ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салып, «Ауыл» партиясының өкілдері көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берді. «Ауыл» партиясының өкілдері мен кездесуге қатысушылар инклюзивті қоғамды дамытуға қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.