Ақтауда балкон арқылы үйіне кірмек болған азамат 12-қабаттан құлап көз жұмды

Бүгін, 12:29 / Алуа Арман
istockphoto.com

Құқық қорғау органдары Ақтауда тұрғын үйдің 12-қабатынан құлап қаза тапқан ер адамның өлімінің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 25 шілде күні таңертең 19А шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Алайда бұл туралы ақпарат тек тамыз айының басында белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам 12-қабаттағы балкон арқылы пәтерге кірмек болған. Сол сәтте ол биіктіктен құлап кеткен. Алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген ведомство хабарламасында.

Тэгтер:

Ақтау балкон Құлау 12-қабат биік