Астанада жұмыс кестесі өзгереді

Астанада жұмыс кестесі өзгереді

Астанада жұмыс кестесі өзгереді
ашық дереккөзі
Астана әкімдігі таңертеңгі уақытта қала жолдарында ұзын-сонар кептелісті болдырмас үшін жұмыстың басталу кестесін өзгерту бойынша жоспар әзірлеп жатыр. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен үкімет сағатында елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz. “Біз қазір бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Шамамен 2-3 апта ішінде тұрғындардың барлық санаты үшін жұмыстың басталу уақытын өзгертуге қатысты шешім қабылдаймыз. Яғни, жолдағы кептелісті азайтуға тырысамыз, сағат таңғы 8-9-да бүкіл қала біруақытта жұмысқа шықпас үшін уақытты өзгертпекпіз”, - деді әкім орынбасары. Естеріңізде болса, мұндай мәселе бір жылдан бері айтылып келеді. 2015 жылы Астанадағы кептілісті азайту үшін "Астана ЛРТ" ЖШС басшысы да осындай ұсыныс айтқан болатын.