Шалқар мен Шұбарқұдық вокзалы жөнделді

Бүгін, 13:00 / Túrkіstan IPW

Ақтөбе облысында теміржол вокзалдарын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Республика көлемінде қолға алынған ауқымды бағдарлама аясында өңірдегі жеті вокзалға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Соның ішінде биыл Шалқар мен Шұбарқұдық вокзалдарының жаңартылып, пайдалануға берілуі облыстың көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды оқиға болды.

Теміржол вокзалы – өңірдің келбетін айқындайтын, көлік әлеуетін көрсететін маңызды нысан. Сон­дықтан кейінгі жылдары елімізде вокзалдарды заман талабына сай жаң­ғыртуға ерекше көңіл бөлініп ке­леді. Негізгі мақсат – жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қа­лып­тастыру, қызмет көрсету сапасын арт­тыру және өңірлер арасындағы кө­лік қатынасын жетілдіру.
Бүгінде республика бойынша 124 те­міржол вокзалы жаңғыртылуда. Ақ­­төбе облысында Ақтөбе, Қан­дыа­ғаш, Алға, Жем, Қарауылкелді, Шал­қар және Шұбарқұдық вокзалдары осы бағдарламаға енгізілген. Қазір Шал­­қар мен Шұбарқұдық вокзал­да­рын­­дағы жұмыстар толық аяқта­лып, пай­далануға берілсе, қалған бес ны­санда жөндеу жалғасуда.
Көлік қызметкерлері күні қар­саңын­да өткен салтанатты іс-шарада жаңартылған екі вокзалдың есігі жо­­­лаушылар үшін қайта ашылды. Бұл – еліміздегі теміржол инф­ра­құ­ры­лымын жаңғырту бағдарлама­сы­ның нақты нәтижелерінің бірі.
Ақтөбе облысы әкімінің орын­ба­сары Асылбек Есенбаевтың айтуын­ша, Мемлекет басшысының тап­сыр­ма­сына сәйкес елімізде теміржол инф­рақұрылымын жаңғыртуға ба­ғыт­­талған жұмыстар жүйелі түрде жүр­гізіліп келеді.
– Ақтөбе облысында жеті темір­жол вокзалы жаңартылып жатыр. Бұл жұмыстың басты мақсаты – тұр­ғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қа­лыптастыру, өңірдің көлік инф­ра­құры­лымын дамыту және қызмет көр­сету сапасын арттыру. Шалқар мен Шұбарқұдық вокзалдарының пай­далануға берілуі – осы жүйелі жұ­мыстың маңызды кезеңі, – деді об­лыс әкімінің орынбасары.

Ғасырлық тарихы бар Шалқар вокзалы

Шалқар теміржол стансасы – өңірдегі ең көне теміржол ны­сандарының бірі. Бір ғасырдан ас­там тарихы бар вокзал осы уақытқа дейін күрделі жөндеу көрмеген.
Жаңғырту барысында ғимарат то­лық жаңартылып, инженерлік жүйе­лер түгелдей ауыстырылды. За­манауи күту залдары, ана мен бала бөл­месі, қызметтік кабинеттер жаб­дық­талды. Сонымен бірге мүмкіндігі шек­теулі азаматтардың еркін қоз­ғалуы­на барлық жағдай жасалып, вок­зал толықтай қолжетімді орта қа­­­­­­ғидаттарына сәйкестендірілді.
Ғимараттың жалпы аумағы екі есе­ге жуық ұлғайып, 833,6 шаршы метр­ге жетті. Соның арқасында жо­лау­шыларға қызмет көрсету мүмкін­дігі едәуір артты.
Теміржол саласының ардагері, шалқарлық Жеткерген Өтеге­нов жаңартылған вокзалдың тарихи маңызы ерекше екенін айтады.
– Біз үшін вокзал – жай ғана ғи­марат емес. Бұл – туған өлкенің та­ри­­хымен біте қайнасқан орын. Осы жер­де бірнеше буын теміржолшылар ең­бек етті. Оның бүгінгі жаңа келбе-
ті – өңірдің дамуы мен жаңаруының айқын көрінісі, – дейді ардагер.

Шұбарқұдықтың жаңа келбеті

Темір ауданының басты көлік нысаны Шұбарқұдық вокзалы да күрделі жөндеуден кейін мүлде жаңа кейіпке енді.
Қайта жаңғырту барысында ғи­мараттың қасбеті мен шатыры жөн­деліп, барлық инженерлік желілер ауыс­тырылды. Вокзал маңы абаттан­ды­рылып, жаңа жиһаздар мен зама­науи жабдықтар орнатылды.
Ең басты өзгерістердің бірі – вок­зал аумағының кеңеюі. Бұрын 111 шар­шы метрді құраған ғимараттың жал­пы ауданы қазір 207 шаршы метр­ден асты.
Жаңартылған вокзалда кең күту залы, билет кассалары, са­нитарлық тораптар, мүмкіндігі шек­теулі жандарға арналған арнайы бөл­мелер және қызметкерлер үшін қо­лайлы жұмыс орындары қарасты­рыл­ған.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Ақ­төбе магистралдық желі бөлім­ше­сі» филиалы директорының орын­ба­с­ары Айбек Таласовтың айтуынша, вок­залдарды жаңғырту – өңірдің кө­лік әлеуетін нығайтуға бағыттал­ған ұзақмерзімді жоба.
Ал Шұбарқұдық стансасының бас­тығы Алтай Абдуллиннің сөзінше, жөн­деу жұмыстары аяқталғаннан кейін вокзалдың сыртқы келбеті ға­на емес, қызмет көрсету сапасы да ай­тарлықтай жақсарған.
– Жаңа инженерлік жүйелер ор­на­тылып, жұмыс кабинеттері толық жаңартылды. Әсіресе, мүмкіндігі шек­­­теулі азаматтар үшін қолжетімді орта қа­лыптастыруға ерекше мән берілді. Енді жолаушылар пойыз күту кезінде вокзалдың барлық инфрақұрылымын еш кедергісіз пайдалана алады, – дей­ді ол.
Қазір стансада екі ауысыммен 14 қыз­меткер еңбек етеді. Шұбарқұдық – Темір ауданының орталығы. Осы стансадан тұрғындар Астана, Алма­ты, Ақтөбе және еліміздің өзге өңір­лері­не қатынайтын жолаушылар пойыз­дарының қызметін пайдала­нады.

Жаңарту – өңір дамуына серпін

Мамандардың пікірінше, вок­залдарды жаңғырту тек құ­рылыс жұмыстарымен шектел­мей­ді. Бұл – халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жоба.
Бүгінде вокзалдарда қауіпсіздік жүйе­лері күшейтіліп, цифрлық қыз­мет­тер енгізілуде. Мүмкіндігі шек­теу­лі жандар үшін кедергісіз орта жа­­са­лып, ана мен бала бөлмелері, кең кү­ту залдары, жаңа санитарлық то­рап­­тар мен ақпараттық жүйелер ха­­­­­лық­ара­лық талаптарға сай жаб­дық­­талуда.
Әсіресе, аудан орталықтарындағы вок­залдардың жаңаруы шалғай өңір тұр­ғындары үшін айрықша маңызды. Се­бебі теміржол көптеген аудан үшін не­­гізгі көлік қатынасы ғана емес, әлеу­­меттік және экономикалық бай­ла­нысты қамтамасыз ететін стра­те­гиялық инфрақұрылым саналады.
Ақтөбе облысында жүзеге асы­ры­лып жатқан жұмыстар толық аяқ­талған соң өңірдегі жеті вокзалдың бар­лығы заманауи талаптарға сай қыз­мет көрсететін болады. 

Ж.ШАЛҚАР,
Ақтөбе облысы