Алматыда концерт билеттерін заңсыз сатпақ болған күдікті ұсталды

Бүгін, 09:41 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Әлемдік жұлдыздың концерті әлі өтпесе де, алаяқтар жоғары сұранысты өз пайдасына пайдалануға тырысуда. Алматыда полиция интернет арқылы концерт билеттерін заңсыз сатуға жасалған кезекті әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер алдағы концертке билет сататыны туралы хабарландыру жариялаған жас жігітті анықтады. Құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында оның заңсыз әрекеті дер кезінде тоқтатылып, ешкімді алдап үлгермеген.

Бұл – полицияның алдын алу жұмыстарының бір ғана мысалы. Ірі мәдени және спорттық іс-шаралар қарсаңында тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді, хабарландыру сайттарын және интернет-платформаларды тұрақты бақылап, алаяқтық белгілері бар және жоғары сұранысты пайдаланып заңсыз табыс табуға бағытталған әрекеттерді анықтап келеді.

Полиция тұрғындар мен қала қонақтарын концерт билеттерін тек ресми платформалардан сатып алуға, бейтаныс адамдарға алдын ала ақша аудармауға және интернеттегі күмәнді хабарландыруларға сенбеуге шақырды.