АҚШ шетелден келіп босанған аналардың балаларына азаматтық бермейтін болды

Бүгін, 09:22 / Алуа Арман
istockphoto.com

АҚШ президенті Дональд Трамп басқа елдерден келіп, босанатын налардың балаларына Америка азаматтығын беруге тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақ үй аппараты басшысының орынбасары Стивен Миллер мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа құжат туу арқылы азаматтық алу құқығын пайдалана алмайтын адамдардың санатын кеңейтеді.

Бұл тізімге АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін шетел азаматтары, шетелдік террористік ұйымдардың мүшелері және шетел мемлекеттерінің мүддесі үшін әрекет ететін тұлғалар енгізілген.

Сондай-ақ жарлықта алғаш рет федералдық деңгейде «босану туризміне» тікелей тыйым салынды. Ақ үйдің пікірінше, бұл шара АҚШ-қа арнайы келіп босанған шетелдіктердің балаларының автоматты түрде америкалық азаматтық алу мүмкіндігін шектейді.

Стивен Миллер бұл шешімді тарихи қадам деп атап, жаңа ережелер туу арқылы азаматтық беру жүйесін жеткілікті негізсіз АҚШ төлқұжатын алу құралы ретінде пайдалануға жол бермейтінін айтты.

Тэгтер:

АҚШ шетел Виза Америка азаматтық