Жеңіл атлет Анна Черкашина Әлем чемпионатының финалына шықты

Бүгін, 12:27 / Алуа Арман
olympic.kz

Орегонда (АҚШ) 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлем біріншілігінің алғашқы күнінде қазақстандық Анна Черкашина сырықпен секіруден іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Отандасымыз 4,10 метр нәтижемен әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Осылайша ол U20 жас санатында Қазақстан рекордын жаңартты.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға үздік 13 спортшы өтті. Шешуші жарыс 8 тамызда өтеді.

Тэгтер:

әлем чемпионаты финал жеңіл атлетика рекорд Анна Черкашина