Ақтаулық жас өнерпаз Грузиядағы халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Бүгін, 12:24 / Інжу Әлихан
lada.kz

Әзербайжанның астанасы Бакуде өткен «Музыка и ритмы моря» халықаралық шығармашылық фестиваль-байқауында Ақтаудағы Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінің оқушысы Арайлым Мағзам жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Байқауға әртүрлі елдерден келген дарынды өнерпаздар қатысқан. Қазақстан атынан өнер көрсеткен Арайлым Мағзам – аталған өнер мектебінің фортепиано бөлімінің 3-сынып оқушысы.

Жас пианистка байқау барысында әзербайжанның халық әндерінен құралған попурриді орындап, халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде оған І орын берілді.

Байқауға Арайлымды ұстазы Галия Слан дайындаған.

«Бұл жеңіс – шәкіртімнің талантының, табандылығының және ата-анасымен бірлескен еңбегіміздің жемісі», – деді ұстаз Галия Слан.