«Заң мен тәртіп»: Атырауда жол ережесін бұзған 300-ге жуық адам ұсталды

Бүгін, 10:30 / Алуа Арман
polisia.kz

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында полиция қызметкерлері заманауи дрондарды кеңінен қолдануда. Жыл басынан бері әуе арқылы жүргізілген бақылау нәтижесінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 270-тен астам дерегі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті қызметте заманауи дрон құрылғыларын пайдаланып келеді. Әуе арқылы жүргізілетін бақылау жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін жедел анықтауға әрі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері дрондардың көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзудың 270-тен астам дерегі анықталды.

Қазіргі таңда дрондар қарсы бағытқа шығу, қауіпті маневр жасау, жол таңбалары мен жол белгілерінің талаптарын елемеу сияқты өрескел құқық бұзушылықтарды анықтаудың тиімді құралына айналды.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рөлде мұқият болуға және өз өмірі мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Еске сала кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты — Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде жүзеге асырылып жатқан, заңның үстемдігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қағидат.

Тэгтер:

жол ережесі Заң мен Тәртіп