Петропавлда қайғылы жағдай болды

Бүгін, 07:15 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қызылжарда мас жүргізуші тізгіндеген көлік аударылып, салдарынан жолаушы мерт болды, деп хабарлайды turkystan.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Петропавл-Долматово тас жолында болды. Жас жігіт бірге тұратын әйелмен бірге 160 шақырым жылдамдықпен келе жатып, шұңқырды айналып өтпек болады. Алайда көлік аударылып кеткен. Салдарынан темір тұлпар жолаушысы сыртқа ұшып, оқиға орнында көз жұмды.

Сараптама жұмысы көлікті тізгіндеген ер адамның екі күн бойы алкогольдік ішімдік тұтынғанын анықтаған. Сот аталған азаматты кінәлі деп тауып, үш жарым жылға бас бостандығынан айырды.