Астанада Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан телевизиялық сайлауалды дебат жалғасуда. Жобаның тікелей эфирін Жетінші арна көрсетуде. Қазіргі уақытқа дейін қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, білім беру жүйесін дамытуға қатысты бастамаларын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алғашқы кезеңдердің қорытындысы бойынша онлайн дауыс берудің аралық нәтижелері жарияланды.
Онлайн дауыс берудің аралық нәтижелері:
1. «Әділет» партиясы – 42,53 %;
2. ЖСДП – 9,57 %;
3. «Байтақ» партиясы – 1,32 %;
4. Қазақстанның Халық партиясы – 10,13 %;
5. «Ауыл» партиясы – 17,58 %;
6. «Ақ жол» партиясы – 7,22 %;
7. Respublica партиясы – 10,88 %;
8. «Ешқайсысын қолдамаймын» – 0,77 %.
Онлайн дауыс беру тікелей эфир аяқталғанға дейін жалғасады.