«Ақ жол» демократиялық партиясының Павлодарлық штабының мүшелері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Павлодар ауданының Шақат ауылдық округіндегі «Turkey PVL» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Компания Қазақстандағы ірі күркетауық етін өндірушілердің бірі. Құс фабрикасының жобалық қуаты жылына 8 мың тонна өнім. Компания өнімі «Павлодар күркетауығы» брендімен танымал.
Үміткерлер «Ақ жол» демократиялық партиясының қызметі, атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы айтып берді, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.