Қазақстан Халық партиясы Ұлытау облысындағы кәсіпорын қызметкерлерімен пікір алмасты

Бүгін, 22:22 / Інжу Әлихан
Қазақстан Халық партиясы

Ұлытау облысында Қазақстан Халық партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Марал Нұр» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары мен басымдықтары таныстырылып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шара барысында экономика саласын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік қорғау, сапалы білім беру мен медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және өңір тұрғындарын толғандырған өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қазақстан Халық партиясының өкілдері көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме беріп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Қазақстан Халық партиясының облыстық сайлауалды штабы еңбек ұжымдарымен кездесулер барысында азаматтардың ұсыныстары мен пікірлерін талқылауды жалғастырып келеді.

Тэгтер:

Қазақстан Халық партиясы