«Ауыл» партиясының өкілдері Ақмола облысында колледж ұстаздарымен кездесті

5 тамыз, 2026 / Інжу Әлихан
«Ауыл» партиясы

«Ауыл» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары Ақмола облысы білім басқармасына қарасты «Агробизнес және сервис колледжі» КМҚК педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, еңбек нарығына сұранысқа ие білікті мамандар даярлау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, ауыл жастарына арналған мүмкіндіктерді кеңейту және білім беру саласын жетілдіру мәселелері талқыланды.

«Агробизнес және сервис колледжі» аграрлық сала мен қызмет көрсету бағыттары бойынша мамандар даярлайтын, өңірдің кадрлық әлеуетін қалыптастыруға үлес қосып келе жатқан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірі.

Кездесуге «Ауыл» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттары Қарақат Әбден, Динара Райханова және Айнагүл Устемірова қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. «Ауыл» партиясының өкілдері мен педагогикалық қауымдастық білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, қатысушылар өз ұсыныстары мен сауалдарын ортаға салды.