Қоқысты өткіз де – жүлде ұтып ал!

Қоқысты өткіз де – жүлде ұтып ал!

Қоқысты өткіз де – жүлде ұтып ал!
ашық дереккөзі
Алматыда стартап-жобалардың байқауы өтті. Студенттер мен жас ғалымдар қазылар алқасының назарына өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды, деп хабарлайды 24.kz. Байқауға қатысқан жобалардың бірі –Tazalyk мобильді құрылғысы болды. Оның негізгі міндеті - Алматыдағы қоқыс қабылдайтын 40 компания мен тұрғындарды өзара байланыстыру. Мысалы, мобильді құрылғының көмегімен өз үйіңізге жақын қоқыс қабылдайтын орынды жылдам табуыңызға болады. Жоба авторлары қаладағы ескі қағаздарды өңдейтін ірі фабриканың бірімен келісімге келгендерін айтады. Енді «Тазалық» мобильді құрылғысы арқылы қағаз өткізсеңіз әрі ақшасын аласыз әрі бағалы сыйлықтар ұтысына қатысуға болады. Ал ең бастысы экологиялық тазалықты сақтап, табиғатты қорғауға өз үлесіңізді қосасыз. Айбек Рахым, Tazalyk мобильді құрылғысы авторларының бірі: –  Мысалы қарапайым адам 100 килограмм макулатураны тапсырса, ол 1,5 ағашты құтқарып қалады. Қоқысқа кеткен қағаз ол көбіне қайта өңделуге жарамайды. Өйткені қағаздың сапасы бұзылады.