Қазір марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Алғашқы сот отырыстарында марқұмға 36 рет пышақ сұғылғаны туралы айтылған болатын. Осыған орай желіде қолданушылардың бірі «72 рет пышақ тығар едім» деген пікір қалдырған. Жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров осылай пікір жазған желі қолданушысының үстінен құзырлы органдарға арыз жазғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бұл жай ғана эмоция емес, жария түрде жазылған пікір. Бұл аса ауыр қылмысты насихаттау, бұл қылмыскердің әрекетін жақтау! Нұрайға 36 рет пышақ жарақаты салынғанын біле тұра, TikTok қолданушысы: «72 рет пышақ тығар едім, че там» деп жазған. Осыған байланысты мен, жәбірленуші Нұрайдың өкілі ретінде, Шымкент қаласы Полиция департаментіне аталған @dkraken9 аккаунтының иесін анықтап, оны заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту туралы арыз жолдадым», - деп жазды адвокат.