TikTok-тағы тікелей эфирде балағат сөз айтқан екі астаналық жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Бүгін, 10:44 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Полиция қызметкерлері "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кезекті мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир жүргізу кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан елорданың екі тұрғыны анықталды. Олардың бірі – 39 жастағы Алексей Дрожжин, екіншісі – "PANTERA" аккаунтының иесі, 33 жастағы Алия Молдаханова.

Жиналған әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысына сәйкес Алексей Дрожжин 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал Алия Молдахановаға айыппұл салынды.

Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарының тұрақты негізде жүргізілетінін еске салады. Заң талаптарын бұзғандарға қатысты тиісті шара қабылданады.