Алматы облысында тауға шыққан туристің үстіне тас құлаған

Бүгін, 10:20 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Алматы облысындағы Левый Талғар шатқалында (2 970 метр биіктікте) жорық кезінде үстіне тас құлаған турист құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мен «Барыс» республикалық құтқару қызметінің мамандары оқиға орнына жедел жетіп, зардап шеккен туристі тауып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Мамандар оның жағдайын ауыр деп бағалады.

Осыдан кейін құтқарушылар туристі күрделі таулы жер бедері арқылы Кіші Талғар асуына қарай эвакуациялауды бастады. Жолда оларға Алматы қаласы альпинизм федерациясының еріктілері қосылып, бірлескен күшпен эвакуация «Шымбұлақ» тау курортына дейін жалғасты.

Кейін зардап шеккен азамат Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылып, қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.