Бейсенбі, 6 Қазан, 2022

Екінші дүниежүзілік соғыста қазақстандықтар Мәскеуді қорғап қалды

Екінші дүниежүзілік соғыста қазақстандықтар Мәскеуді қорғап қалды.

Мұндай пікірді бүгін елордада өтіп жатқан «Бірлікпен жеткен Ұлы Жеңіс: майдан ерлігі тыл беріктігі» атты халықаралық жеңімпаздар форумында қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, 1941 жылдың 1 маусымында Кеңес Одағының Еуропа елдері ішіндегі саны ең көп әрі қуатты армиясы болды. Армия қатарында 5 млн. 200 мың адам бар еді. Бірақ, 1936-1939 жылдардағы саяси қуғын-сүргін әскери жоғары лауазымды шенділерді жойып жіберді. Армияда маршалдар Буденный мен Ворошилов қана қалды.

«1941 жылдың қыркүйегінде Кеңес одағының батыс шекарасында тұрған 4 миллионнан астам әскер тас-талқан болды. Көбі өлді, тұтқынға түсіп, біразы орман арасында бас сауғалап кетті. Бір миллион армия шығыс шекарада Квантун армиясына қарсы тұрды. Бірақ жапондықтар барлаушы Зорге мәлім еткендей шабуылды жасамау туралы қол қойылған актіні бұзған жоқ. Барлаушының сөзіне сенуге мәжбүр болған Сталин Мәскеуді қорғау үшін Сібір мен Қиыр Шығыстағы армияны шұғыл кері шақырды. Бірақ, бұл эшалондар апталап жол жүрді, ал өлгендердің орнын басар ешкім жоқ. Балтық жағалауы, Беларусь жау қолында, фашистер Ресейдің қалың қоныстанған бөлігіне дендеп кірген, Украина от құшағында. Кавказ бен Кавказ мағы жолы кесілген. Мұндай жағдайда резервті қайдан алу керек? Міне осы кезде Қазақстанның таяу аудандары мен облыстарынан алғашқы бригадалар, дивизиялар жетті. Солар Мәскеуге бара негізі Ржевск пен Волоколамск бағыттарын қорғады», – деп атап өтті ақын.

Оның айтуынша, 14 қазанда Мәскеуді қорғауға Панфилов дивиясы жетіп, Волоколамск тасжолы бағытында бекініс орнатса, Ржеск бағытын 100, 101, 102 бригадалары қорғады. «Біздің қазақстандықтар Ржевск түбінде қаза тапқан 10 мың адамның есімін қайта жаңғыртты. Қазіргі уақытта біз қазақстандықтардың Жеңіске қандай үлес қосқанын біле бастадық. Олар сібірлік және қиыршығыстық бөлімдер келгенге дейін Мәскеуді құтқарды деп айта аламыз», – деді Сүлейменов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button