"Нүкте қойдық": Диана Скатова жұбайы туралы ел естімеген құпияны ашты (ВИДЕО)

Бүгін, 20:00 / Жамбыл Жайлау
Фото: әлеуметтік желіден

Диана Скатова сүйіктісімен үш жыл бойы арақашықтықта кездескенін айтты

Танымал тележүргізуші Диана Скатова мен оның сүйіктісі Сұлтан Нұрбеков шаңырақ көтерер алдында үш жыл бойы арақашықтықтағы қарым-қатынасты сақтап келгендерін мәлімдеді, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жуырда жұп құдалық және қыз ұзату рәсімдерін өткізіп, өмірлеріндегі жаңа кезеңге қадам басты.

Анна Данченкоға берген сұхбатында Сұлтан Нұрбеков екі жақта жүріп қарым-қатынасты сақтау оңай болмағанын айтты. Оның сөзінше, мұндай жағдайда қыз балаға қиынырақ тиеді.

"Қыз баласына екі есе қиын деп ойлаймын. Біз көбіне жұмысты ойлаймыз. Қосылған кезде бірден сыналдық. Барлық қиындыққа шыдап, осы керемет күнге жетіп отырмыз", – деді ол.

Диана Скатова да арақашықтықтағы қарым-қатынас екеуіне үлкен сынақ болғанын жасырмады.

"Ұрыссаң да, еркелесең де қасыңда жоқ. Соның бәріне шыдап, әдемі нүкте қойдық. Мінезіміз осал болса, шыдамас едік", – деді тележүргізуші.

Айта кетейік, бұған дейін Диана Скатова мен Сұлтан Нұрбековтің құдалық және ұзату рәсімдерінен түсірілген видеолары әлеуметтік желіде кеңінен тараған болатын.

Тэгтер:

Диана Скатова