Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды. 4 тамыздағы сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 471,98 теңгені құрап, таңертең Ұлттық банк белгілеген ресми бағамнан 3,25 теңгеге төмен болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 475,38 теңге, еуроны 547,73 теңге, ал Ресей рублін 5,93 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
Сауда қорытындысы бойынша Ресей рублі де аздап арзандап, 5,82 теңгеге дейін төмендеді. Осылайша оның бағасы 0,11 теңгеге кеміді. Қытай юанінің бағамы да 68,98 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,25 теңгеге арзандады.
Елдегі айырбастау пункттерінде доллар 471–473,1 теңге, еуро 541–546 теңге, ал Ресей рублі 5,57–5,71 теңге аралығында сатып алынып, сатылып жатыр.