Қазақстан Халық партиясы Қарағанды облысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірін тыңдады

4 тамыз, 2026 / Інжу Әлихан
Қазақстан Халық партиясы

Қазақстан Халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Қарағанды облысы Шет ауданының Талды ауылы тұрғындарымен кездесу өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесуді Қазақстан Халық партиясы Қарағанды облыстық филиалы Жастар қанатының өкілі Алтынмұрат Төлеген Нұрланұлы жүргізді.

Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Бағдарламада әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылдық аумақтарды дамыту, қолжетімді медициналық көмек пен сапалы білім беру, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылғаны айтылды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Тұрғындар сайлауалды бағдарламада қамтылған бастамаларға қатысты пікірлерін білдіріп, өз ұсыныстары мен сауалдарын ортаға салды. Қазақстан Халық партиясының өкілі көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме беріп, қатысушылардың ұсыныстары назарға алынатынын атап өтті.

Тэгтер:

Қазақстан Халық партиясы