«Ауыл» партиясы Павлодар облысында май өңдеу зауытының ұжымымен кездесу өткізді

4 тамыз, 2026 / Інжу Әлихан
«Ауыл» партиясы

«Ауыл» партиясының кандидаттары Павлодар облысындағы Кемеңгер ауылында орналасқан «KEMENGER MAY» ЖШС-нің май өңдеу зауытына барып, кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысып, ұжыммен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының өкілдеріне зауыттың өндірістік әлеуеті, майлы дақылдарды терең өңдеу технологиялары және кәсіпорынның өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы рөлі туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ еңбек ұжымымен өткен кездесуде «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды. Бағдарламада ауыл шаруашылығын дамыту, отандық өндірісті өркендету, жаңа жұмыс орындарын құру және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған бастамалар қамтылғаны айтылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өндіріс саласына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. «Ауыл» партиясының өкілдері қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген ұсыныстардың назарға алынатынын жеткізді.

Тэгтер:

«Ауыл» партиясы