Өскеменде 20 шілде күні Ертіс көпірінен секірген ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары ер адамның мәйітін Прапорщиково ауылы маңындағы өзен тармағынан, оқиға болған жерден 21 шақырым қашықтықтан тапты.
Із-түзсіз жоғалған азамат 1982 жылы туған. Ол жоғалған сәттен бастап құтқарушылар күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздеу барысында дрондар мен жүзу құралдары пайдаланылып, жақын маңдағы аудандардың жағалау аумақтары түгел тексерілді.
Мәйіт табылғанға дейін сүңгуірлер 26 рет суға түсу жұмыстарын жүргізген.