Үлкен Алматы өзенінің жағалауы уақытша жабылады

Бүгін, 14:15 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

Үлкен Алматы өзенінің жағалауында жүргінші қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматыда Үлкен Алматы өзені арнасын қайта жаңғырту және оған іргелес аумақты көріктендіру жұмыстары жалғастырып жатыр.

Құрылыс жұмыстарына байланысты жағалаудың кейбір аумағында жүргінші қозғалысы кезең-кезеңімен уақытша шектеледі. Алғашқы кезеңде жұмыстар №1 бөгеттен әл-Фараби даңғылына дейінгі шығыс жағалау бөлігінде жүргізіледі. Кейін шектеу жағалаудың Абай даңғылына дейінгі келесі аумақтарында кезең-кезеңімен енгізіледі.

«Жұмыс барысында суару жүйесі мен жүргінші жолы қалпына келтіріліп, жиектастардың бір бөлігі ауыстырылады. Сондай-ақ, бұталар мен көгал қайта егіліп, ағаштар санитарлық мақсатта кесіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеуді ескеріп, жол белгілерінің талабын сақтауды және бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.