Астанада өрт сөндірушілер көп қабатты үйден бойжеткенді құтқарып қалды

Бүгін, 12:58 / Алуа Арман

Астана қаласында Қабанбай батыр даңғылындағы 15 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде қатты түтін байқалды. Шұғыл түрде өрт оқпандары берілді.

Өртті сөндіру барысында түтін басқан бөлмеден 2002 жылы туған қыз құтқарылды. Сондай-ақ оттың жоғары орналасқан бөлмелерге таралуына жол берілмеді.

Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Тэгтер:

өрт